Бөбекжай туралы

«Патша Бала» бөбекжайының тарихы

2019 жылдың наурыз айынан бері балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат етіп келе жатқан мектепке дейінгі білім беру ұйымы.

Патша Бала бөбекжайының ғимараты Ақтау қаласы, Шығыс-3, 53 ғимарат

«Патша Бала» бөбекжайы 2019 жылдың наурыз айында өз жұмысын бастады. Патша бала бөбекжайы балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат етіп, ата-аналардың сеніміне ие болып келе жатқан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бірі болып табылады.

Бөбекжайдың жобалық сыйымдылығы 100 балаға арналған. Қазіргі таңда мекемеде 4 топ жұмыс жасайды. Тәрбие мен оқыту жұмыстары мемлекеттік стандартқа сәйкес қазақ тілінде жүргізіліп, балалардың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өсуіне ерекше көңіл бөлінеді.

«Патша Бала» бөбекжайының басты мақсаты – әр баланың жеке қабілетін ашып, жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру. Осы бағытта бөбекжай тәрбиеленушілердің танымдық, шығармашылық, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға арналған түрлі іс-шаралар, мерекелік бағдарламалар, байқаулар мен танымдық сабақтар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Құрылған күннен бастап бөбекжай ұжымы балаларға мейірім мен қамқорлық танытып, олардың қауіпсіз әрі жайлы ортада тәрбиеленуіне жағдай жасап келеді. Білікті педагогтар мен мамандардың еңбегінің нәтижесінде көптеген тәрбиеленушілер мектеп табалдырығын сенімді аттап, білім жолындағы алғашқы жетістіктеріне қол жеткізді.

Бүгінгі таңда «Патша Бала» бөбекжайы жүздеген бүлдіршінге тәлім-тәрбие беріп, көптеген түлектерін үлкен өмірге қанаттандырды. Бөбекжай түлектері мектепте жақсы нәтижелер көрсетіп, ұстаздары мен ата-аналарының мақтанышына айналуда.

Ұжымның кәсіби еңбегі мен жауапкершілігінің арқасында бөбекжайымыз ата-аналардың алғысына бөленіп, өңірдегі беделді мектепке дейінгі ұйымдардың біріне айналды. Алдағы уақытта да «Патша Бала» бөбекжайы сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі игі дәстүрін жалғастырып, ел болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете береді.

«Патша Бала» – бақытты балалық шақтың мекені, жарқын болашаққа бастар алғашқы қадам!

Бағыты

Тәрбие, қауіпсіздік және ұлттық құндылық

Бөбекжай жұмысы балалардың жеке қабілетін ашуға, ортаға сенімді бейімделуіне және мектепке дайындық негіздерін қалыптастыруға бағытталған.

Қауіпсіз орта

Балалардың күнделікті тәртібі, серуені және сабақтары жайлы әрі бақыланатын ортада өтеді.

Шығармашылық даму

Мерекелік бағдарламалар, байқаулар және танымдық сабақтар тұрақты ұйымдастырылады.

Мейірім мен қамқорлық

Педагогтар әр баланың мінезі мен қабілетіне құрметпен қарап, сенімді байланыс қалыптастырады.